АймақБұқар жырау
Тоқсандағы қария таңдау жасады
Ботақара кентінің биыл 90 жасқа қадам басқан қадірменді қарты Қанағат Жұмашев та осындағы 416-референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

– Ата Заңымыз бұрынғы ата-бабаларымыз ұстанған “Қасымның қасқа жолы” мен “Есімнің ескі жолының”, Тәуке ханның “Жеті жарғысының” жалғасы болып, елімізді жарқын болашаққа бастап, Отанымыздың өркендеуіне қызмет еткенін қалаймын, – деді абыз ақсақал.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



