Қарқаралы

Тоқсанда тұлпар тақымдаған

Ертеден Бесоба ауылы азаматтарының жүректері апандай, жіліктері атандай келеді. Бір дәлелі –Тұрсынәлі ҚАСЫМҚҰЛОВ ақсақал. Тоқсан жасты алқымдаса да, қарагерді тақымдап, қара қойын өргізіп, шопандық кәсібімен әлі айналысып отыр.

Еңбек адамы жайлы әріптесіміз Гүлбақша Ақажанова фейсбук желісіндегі парақшасына жариялады.

Тұрсынәлі Қасымқұлұлы 8 жасынан қой мен қозы баққан. Әкеден жетім, білім алуға зейіні емес, заманы кедергі болған жан өмір бойы адал еңбекті өзіне дос еткен. Шопандықты кәсіп қылғанына биыл – 76 жыл. Тіпті, заманында бірнеше жыл қатарынан 100 бас қойдан 100 төл алып, «үздік шопан» атанған. Бүгінде бір отар қойды бозторғай шырылынан өргізіп, қас қарайғанда бірақ қораға әкеледі екен.

Табиғатпен етене жақын жанның сарайы – сау, санасы – сергек. Бесоба ауылындағы Досан қыстағынан дүниеге дүрбі салып отыр.

Мирас АСАН

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button