«Тіс ауырса, іш ауырса» пойыз көмек береді

    Елдің денсаулығын тексеретін «Саламатты Қазақстан» пойызы – жолда. Отарба заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған.

Сегіз вагонды пойыз құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, ларингооторинолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог және тіс дәрігері сияқты мамандар бар. Ақ халаттылар тұрғындарды тексеріп, алғашқы медициналық көмек және медициналық орталықтарға жолдама береді.

Қараша айына дейін шалғай ауылдарды аралайтын пойыздың бірінші аялдамасы – Жезқазған темір жол бекеті болды.

Жоба туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, 8 (7172) 76-98-56, 76-90-19, 87015263050 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.