АймақНұра

Тілсіз жау тіс батырмас үшін

Астықты өлке Нұра ауданының Изенді ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталған бекет Кенжарық ауылдық округі аумағындағы ауылдарға қызмет көрсетеді. Оның төрт қызметкері қажет болған жағдайда өртті жедел сөндіруге жұмылдырылмақ.

Сурет ТЖД баспасөз қызметінен

Өрт сөндірушілердің қарамағында 4 текше сыйымдылыққа ие МТЗ-82 тракторы, су соруға арналған мотопомпа, 500 литрлік жоғары қысымды аппарат, өртке арналған құрал-жабдықтар бар. Одан бөлек, жуық арада өрт сөндірушілерге екі тонналық автоцис­терна табысталады.

– Ауылдық округтерде өрт сөндіру бекеттерін ашу ауадай қажет. Өйткені, өрт – тілсіз жау. Алдын ала қамданып, кез келген жағдайға дайын болмасаң, сан соғып қалуың мүмкін, – дейді Нұра ауданы ТЖБ бастығы Бекболат Исаев.

Бүгінгі таңда Нұра ауданында өрт сөндіру бекеттері 17 елдімекенде жұмыс істеп тұр. Олардың алтауында ірі өрттерді сөндіруге арналған автоцистерналар бар. Болашақта Ахмет ауылында тағы бір бекет ашу жоспарланған.

Осы жазда Қарағанды облысында алты өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланғанын атап өткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button