АймақНұра

Нұра ауданына автоматты суару жүйесі орнатылды

Нұра ауданының Шахтер ауылында 300-ден астам ағаш қашықтан автоматты суару жүйесіне қосылды.

Шахтер ауылында ұйымдардың аумақтары, аулалар, саябақтар мен скверлер жыл сайын жасыл желектермен және гүлді өсімдіктермен абаттандырылады. Сондай-ақ жасыл және гүлді өсімдіктерді, саябақ пен алаңдағы көгалдарды суару үшін «Шахтерское» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен 600 шаршы метр аумаққа автоматты суару құрылғысы орнатылды.

Суару жиілігі мен қарқындылығын дәл реттеудің арқасында автоматты суару жүйесі суды тұтынуды барынша азайтады. Автоматты суару жүйесі өсімдіктерді шамадан тыс суару мәселелерін болдырмауға және жекелеген учаскелердің маңайын батпақ болдырмауға мүмкіндік береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button