Жаңалықтар

Көші қон саясаты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты көші-қон процестерін реттеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және еңбек ресурстарын тиімді бөлуге бағытталған.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Тұжырымдама аясында мигранттарды сапалы іріктеу жүйесін қалыптастыру, көші-қон ағындарының тепе-теңдігін сақтау және өңірлердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескеру көзделген.

Көші-қон саласын цифрландыруға да басымдық беріледі. Ел ішіндегі және шетелдегі көші-қонды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіліп, Enbek.kz экожүйесі жетілдіріледі.

Сонымен қатар шетелдік азаматтарға қойылатын талаптар жаңартылып, заңсыз көші-қонның алдын алу шаралары күшейтіледі.

Еңбек күші тапшы өңірлерге халықты қоныстандыруды ынталандыру, қоныс аударушыларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу тетіктерін жетілдіру жоспарланған. Қандастардың тарихи Отанына оралуына және қоғамға бейімделуіне де қолдау көрсетіледі.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button