Жаңалықтар

Тілсіз жаудың екпіні қатты болып тұр

Өткен тәулікте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне 22 құтқару жұмыстарына хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 14-і – өртке, 8-і түрлі авариялық-құтқару жұмыстары екен. Оқиға барысында 8 адам құтқарылған. Оның ішінде – 2-еуі бала.

Балқаш қаласындағы «Жеңіс-Бастау» саяжай қоғамдастығының ашық алаңын қоршаған ағаш қоршаулар мен құрғақ шөп өртеніп кетті. Өрт 150 шаршы метрге шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін меншік иесінің сал,ыртығынан  деп мәлімдеді мамандар.

Одан бөлек, Теміртау қаласы, Амангелді көшесінің бойында тұрған жеке темір контейнерден өрт шығып, 20 шаршы метрді жалмады. Электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан өрттің салдарынан ішкі ағаш төсемі мен тұрмыстық заттары жанып кетті.

– Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмауларыңызды сұраймыз. Электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылап, бір желіге бірнеше электр аспабын қоспаңыздар. Тек жұмыс істейтін пешті, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыздар. Өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button