Тіліме толқын берсін
Бал тіліме балама мақсат көздер,
Үйір болған әр үйге бөтен сөздер.
Қазағыма құлақ сап тыңдасаңыз,
Кірме сөздер естейсің кейбір кездер.
Көріп, біліп жүрсекте көз жұмамыз,
«Папа», «мама» дегізсек мәз боламыз.
Тұп қазығы ап-анық мақұлдар сөз,
«Иә» демей, «да» десіп назданамыз.
Сөз құрамын санаға бір салмадық,
Аударма тіл сапынан тұрсаң танып.
Тақылдаған тақпақтай ұран сөзбен,
Ана тілге мән бермес мұршаң анық.
Жетегінде өзгенің тілім сорлап,
Өткен ғасыр жамалған құрақ- құрақ .
Қос тұғыры жасаса мұнша әлек,
Сан тұғырлы тіл соңы үлкен сұрақ.
Алашұбар сөз қалып оңалар-ау ,
Десектағы сан тұстан анау-мынау.
Толыққанды тіліме толқын берсін,
Жаңа енер латынша қаріп таңдау.
Ислам АМАНОВ,
зейнеткер.
ЖАҢААРҚА ауданы.