Қарағанды

Тіл жанашырларын тәрбиеледі

   Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қарағанды облысының тілдерді оқыту  орталығының ұйымдастыруымен өтетін мәдени-ағартушылық жоба шеңберінде облыстық «Мың бала» байқауы өтті.  15-23 жас аралығындағы қазақ және өзге ұлт өкілдері қатысқан байқауда жеткіншектер 3 бағыт бойынша бақтарын сынады.

Байқауға «Сарыарқа» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Д.Жұмагелдина, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, сазгер, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері Б.Мұсабеков, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Ж.Қағазбаев төрелік етті.

Сонымен, байқау өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар лайықты орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» эссе сайысында №34 орта мектептің 9-сынып оқушысы Е.Бобкина 1-орынды,  №1 қосымша білім беру мектеп-орталығының 11-сынып оқушысы А.Загитова 2-ші орынды, С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ғ.Тойшыбек 3-орынды иеленді.

«Кемеңгер» жобасы бойынша 1-ші орынға №36 орта мектептің 11-ші сынып оқушысы Қ.Сұңғатов лайық деп танылса, 2-ші орын Шахтинск технологиялық колледжінің студенті А.Игошкинаға бұйырды, ал, 3-ші орынды Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 10-шы сынып оқушысы Б.Хасанов қанжығалады.

«Жас шешен мектебі» шешендік байқауында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің студенті А.Нажкенов 1-ші орынды, Шахтинск қаласы әкімдігінің №9 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы М.Бұрахан 2-ші орынды, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 11-ші сынып оқушысы М.Улгабасов 3-ші орынды иеленді.

Байқауға қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button