Жаңалықтар

Тіл мен жырдың тұғыры

    Қарағандыдағы №92 мектеп-гимназияда Тілдер күні мерекесіне орай, «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыста 1-7 сынып аралығындағы талапкер оқушылар өнер жарыстырды. ҚР оқу ісінің үздігі, мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі Күліш Төлеуханқызының ұйымдастырумен өткізілген сайыстың ашылу салтанатында гимназия директоры Қолаңшаш Сейтімбетова оқушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасы құрамына ақын, облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Қайрат Асқаров, ақын, облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Қуаныш Медеубаев пен «Сарыарқа» облыстық телеарнасының бас редакторы Ботабек Тілегенов енді.

Сөз мәйегін сүйегіне сіңірген қазақы рухты оқушылар тіл мен ұлт тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, таланты мен талабын байқатып, сайыс өз мәресіне жетті. ІІ-ІІІ орынның иегерлері анықталып, І орынды Д.Саятқызы иеленді. Тарлан тағдырлы ақын Мұхтар Шахановтың поэзиясын жан-жүрегімен оқыған Бекжан Мәжит Бас жүлдені иеленіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button