Жаңалықтар

Тіл үйренуге үлкен мүмкіндік

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен Қарағандыда ниет білдірушілер қазақ және ағылшын тіліне тегін үйрене алады. Ақпан-қараша айы аралығында қысқа мерзімді курс басталады.

Бүгінде бірінші кезеңге қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Әртүрлі мамандық иелерінен жиналған қатысушыларды 22 топқа бөлген. Қатысушылардың қатарында қаржыгер, дәрігер, шекарашылар мен мәдениет қызметкерлері де бар екен. Үш айлық курс мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда. Курсты тәмамдағандар арнайы емтиханнан өтіп, арнайы сертификат алады.

– Тілді енді ғана оқи бастағандар бірінші кезеңнен өтіп, келесі кезеңге жалғастырушылар ретінде қазірден бастап жазыла алады. Мен осылай істеуге кеңес берер едім. Өйткені бұл тілді үйренуде тиімдірек болады. Ең бастысы – ниет пен ынтаң болса болғаны. Біз курсқа 19 жастан бастап қабылдаймыз. Әр түрлі жастағы адамдар келеді. Мемлекеттік тілді үйренуге қуана келетін аға буын қарағандылықтар өте көп, – дейді тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сәуле Нелдібаева.

Курстарға жазылу және толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болды: (8-7212) 51-01-88.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button