Жаңалықтар
Тиектеу
Газеттің 21 қазандағы санында жарық көрген «Қапрең» сөзінің мағынасы қандай?» деген сауалымызға оқырмандар тарапынан бірнеше жауап келді. Десек те, сауалымызға алғашқы болып дұрыс жауап берген – Балқаш қаласының тұрғыны Роза Ғалымжанқызы. Сонымен…
«Қапрең» деп саз, сазды жерді айтады. Балқаштық тұрғын: «Бұл араның жері қапрең келеді» дегенді талай үлкендердің аузынан естігендігін жеткізіпті.
Құрметті оқырман, келесі сауалымызға зер салыңыздар:
«Тиектеу» сөзінің мағынасы қандай?
Сауалдарыңызды газетіміздің 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй мекен-жайына немесе ortalyk.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауларыңызға болады.
Ендеше, мархабат!
Сауал сырына үңілген Нұрдос КӘРІМ