Теміртау қаласының әкімдігі биыл бірнеше ойын алаңдарын қалыпқа келтірмек. Тіпті, жөндеу жұмыстары жүргізілетін аулалардың тізімін де жариялады.
Мәселен, 6-шағын аудандағы №58, 59, 21, 34 және 48 үйдің жанына және №55 үйдің артына жаңа ойын алаңы салынады. Ал, 7-шағын аудандағы №23, 49 үйдің және 8-шағын аудандағы № 77 үйдің ауласындағы балаларға арналған аттракцион жаңартылады.
Және Республика даңғылындағы №16/1, 16/2, 16/3, 33, 51/3 және №93/1 үйдің, Шоқан Уәлихан көшесіндегі №15/1 үйдің ауласына балалар алаңы орнатылады. Мира даңғылы бойынша № 53 және 102 үйдің, Абай көшесіндегі №112/1, 78/2, 32/1 үйдің ауласы да қалыпқа келтірілетін аула тізімінің қатарына енген.
Бұдан бөлек, Металлургов даңғылы бойынша №2, 7г, 9/2, 12/1, 26/3, Байсейітова көшесіндегі № 4, 19, Чернышевский көшесіндегі №97 үй, Нұркен Әбдіров көшесіндегі №6, «Қазахстанская» көшесіндегі №6, 70 орам, №3 үйдің жанынан балалар ойын алаңы жаңадан ашылады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz