АймақТеміртау

Теміртау автобус паркі 60 көлікпен толықты

Теміртаудың автобус паркі өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен “QazTechna” ЖШС Yutong маркалы 60 жаңа қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілді.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Қазіргі таңда ECOBUS QK тасымалдаушысы әлеуметтік маңызы бар қалалық маршруттарға 20 жаңа автобус шығарды. Қазір олардың алтауында электронды жүйе жабдықтары орнатылуда.

Барлық жаңа автобустар пандустармен жабдықталған, бұл қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған салонға кедергісіз мініп-түсулерін қамтамасыз етеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button