АймақТеміртау

Теміртау қаласы жер қатынастар бөліміне биыл қанша қаражат бөлінді?

Теміртау қаласы жер қатынастар бөлімінің басшысы Ерлан Гомаров 2024 жылға арналған бюджет пен жұмыс жоспары туралы айтып берді. Бөлім басшысы негізгі тақырып басталғанша өткен жылдың есебі мен жыл қортындыларына тоқталып, 2023 жылы Теміртау қаласы жер қатынастар бөліміне 87 млн. теңге бөлінгенін, бұл басқа бөлімдердің бюджетімен салыстырғанда біршама төмен көрсеткіш екенін жеткізді.

Сурет: қала әкімдігінен

– Жалпы көрсетілген сомадан 42,5 млн. теңге бөлім қызметкерлерінің  жалақысы бойынша шығыстарды құрады. Бұл жалпы бюджеттің 50% құрайды. 800 мың теңге өзге де қорларға (бензин, көлік сақтандыру, кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, А4 қағазы және т.б) арналған шығыстар. 600 мың байланыс және коммуналдық қызметтер бойынша шығындар. 23 млн. теңге өзге де қызметтер мен жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, бұл ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеу, орг.техникасына қызмет көрсету, қызметтік автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жер учаскелеріне сәйкестіндіру құжаттарын дайындау, БАҚ-та хабарландыру орналастыру және тб. Бөлімнің күрделі шығындарына 20 млн. теңге жұмсалды – бұл авттомобиль, компьютер, ноутбук, көп функционалды құрылғыларды және кондиционерлерді сатып алу, – дейді Ерлан Гомаров Теміртау қаласының әкімдігінің баспасөз алаңында өткен брифингте.

Ал, осы жылдың бюджеті бойынша 50 млн. теңге бөлінген. Оның 38,5 млн. теңгесі бөлім қызметкерлерінің  жалақысы бойынша шығыстар, бұл жалпы бюджеттің 50% болса, 700 мың теңге бензин мен көлік сақтандыру, 600 мыңы өзге де қорларға, тағы 700 мың теңге байланыс және коммуналдық қызметтер, 1,2 млн бұл ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеу, орг.техникасына қызмет көрсету және 8 миллион теңге қызметтік автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жер учаскелеріне сәйкестіндіру құжаттарын дайындау, БАҚ-та хабарландыру орналастыруға шыққан шығыстар.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button