Темірді қамырша илеген

    Кейіпкеріміз Айгүл ТҮСІПБАЕВА өмір бойы нәзік жандылар қауымына тән емес жұмысты атқарып келеді. Бүгінде ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің жөндеу цехында токарь және дәнекерлеуші болып еңбек етеді.

«Бала кезімнен темір-терсекке, құрал-саймандарға ынтық едім. Өсе келе осы мамандықты меңгердім. Шынымды айтсам, пайдама жарап, өмірлік кәсібіме айналдырамын деп еш уақытта ойламаған едім. Дегенмен, қазіргі заман талабы өз ырқына көндірді. Ол кезде дәнекерлеуші менсіз де көп еді. Алайда, дәнеркерлеу ісін шебер жасай білуіме қарай осы жұмысты алып кеттім», – дейді Айгүл.

Қамтамасыз ету батальонының жөндеу цехы ширек ғасырдан артық уақыттан бері үздіксіз қызмет етіп келеді. Бүгінде цех әскер күштерін, әскери техникаларды қажетті тетіктермен толыққанды қамтамасыз етіп отыр. Шығарылған өнімдер осы өңірлікке қарасты әскери бөлімдерге жіберіледі. Айгүл – аталған цехтағы шеберқолды, темірден түйін түйетін жұмысшылардың бірі. Өз мамандығына мығым, жұмысына ұқыпты.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.