Жаңалықтар

Технологиялық дамудың жаңа мүмкіндігі

    «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе жүзеге асырылатын бағдарлама ережелері бойынша әрекеттегі кәсіпорындарды технологиялық дамыту үшін ұсынылады.

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Айдаровтың қатысуымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы М.Омаров инновациялық гранттарды ұсыну механизмдері түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді. Кеңеске қала мен аудан әкімдіктерінің, өндірістік кәсіпорындардың, даму институттары мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

– Біздің агенттік «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Инвестиция және даму министрлігімен бірлесе инновациялық жобаларға қаржылық көмек көрсету ретінде гранттар беру бағдарламасын іске асырудамыз. 2-ші қазанға дейін өтініштерді қабылдаймыз. Қарағанды облысы – көшбасшылар қатарында, – дейді Басқарма төрағасы М.Омаров.

М.Омаровтың айтуынша, биыл бірінші рет кәсіпкерлерге гранттың үш түрі ұсынылады. 400 млн. теңгеге дейінгі грант әрекет етуші кәсіпорынға технологиялық даму үшін берілсе, 500 млн. дейінгі грант салалардың технологиялық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. 200 млн. теңгеге дейінгі грант технологияны коммерциализациялауға берілмек. Өтінішті тек заңды тұлғалар ғана бере алады.

Трансферт арқылы заманауи және озық отандық және шетелдік технологиялар грант арқасында кәсіпорындар өздерінің технологиялық деңгейін арттырады.

Инновациялық гранттар өтінішті беру, бастапқы талдау, сараптама, комиссия, грантты беру, мониторинг сызбасы бойынша жүзеге асырылады.

Грант қайтарымсыз негізде және ортақ қаржыландыру приципі бойынша беріледі.

Инновациялық гранттарға өтініштерді қабылдау 2-ші тамызда басталды және биылғы жылдың 2-ші қазанына дейін жалғасады.

Өтініштер Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1 үй  мекен-жайы бойынша «Сулы-жасыл гүлзардағы» бизнес-орталықта қабылданады немесе электронды нұсқада digital.baiterek.gov.kz сайтында ұсынуға болады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button