Жағымды жаңалық

Тегін оқуға мүмкіндік алды

Білім гранттарын алуға арналған байқауға 821 «Елбасы медалі»  иегері қатысты. Тек 605 талапкер жоба қатысушысы тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның 18-і Қарағанды облысынан.

Гранттардың ең көп санын Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ Қызылорда мен Павлодар облыстарының болашақ студенттері алды. Медаль иегерлері арасында ең танымал оқу орындары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University болды.

– Елбасы академиясы жобаларының әрбір қатысушысы біздің мақтанышымыз болып табылады. «Елбасы медалі» жобасы дарынды жастар, әсіресе ауыл балалары үшін болашақ табыстарға маңызды қолдау болатынын көріп отырмыз. Жақын арада біз жастарды қолдау үшін тағы да бірнеше жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз және тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға әрбір жас қазақстандықты қатысуға шақырамыз, – деді «Елбасы академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

Ұлттық деңгейдегі жоба жастарды кешенді дамытуға бағытталғанын еске сала кетейік. Бағдарлама жеті негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button