Бас тақырып

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысының жастары экоакцияда белсенділік танытуда

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, шараға белсенді түрде атсалысып жатыр. Оныншы қыркүйекте Саран жастары бөгеттің жанындағы су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

«Жастар таза Қазақстан үшін!» экоакциясына 100 қала тұрғыны қатысты.

– Биыл біздің сүйікті қаламызға 70 жыл толады. Біз, жастар, Саранды одан да таза және әдемі еткіміз келеді. Қала мен елдің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз. Біз үнемі экоакцияларға қатысамыз. Жаз бойы “Жасыл ел” еңбек жасақтары жұмыс істеді. Баршаны қоршаған ортаның тазалығын сақтауға немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Болашақта экологияның жақсы болуы бізге байланысты, – дейді Саран Жастар ресурстық орталығының басшысы Сәнді Ақанова.

Сәуір айының басында Мемлекет басшысының бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясын қазақстандықтар бір ауыздан қолдады. Осылайша, Саранда бұл шараға 360 ұжым, 12 мыңнан астам тұрғын қатысты. 14 мың тонна қалдық шығарылды. Саябақтар мен гүлзарлар қоқыстан тазартылды, түрлі ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері егілді, тарихи және мәдени ескерткіштердің маңы жиналды.

Аймақта экологиялық акциялар одан әрі жалғасады. Міндет – облыстың әр бұрышын қамту, қалалар мен ауылдарды таза әрі жайлы ету.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button