Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 14 қыркүйек, дүйсенбі күні Астана мен еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Қарағанды облысында да қолайсыз ауа райы күтіледі.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Өңірде батыс, оңтүстік-батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, екпіні күшейеді. Жел облыстың батысы, солтүстігі және шығысында күтіледі.

Өңірде жоғары өрт қаупі сақталса, батыс аудандарда оның деңгейі өте жоғары болады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button