Тарихи жолдағы тың қадам

Ұлт көшбасшысы еліміздің дамуы үшін тағы бір мақсат-межені айқындап берді. Елбасының 31 қаңтардағы «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында еліміздің келешегі үшін нақты бағыттар көр­сетілді, міндеттер жүктелді.

Бұл турасында «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қа­­зақстан – 2050» Стратегиясы мақсат­тарына бастайтын сенімді көпір бол­мақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақ­ты қадам» базасында өткізіледі» деп айт­қан болатын.

Жолдауда белгіленген басым­дықтар бойынша экономиканың же­делдетілген технологиялық жаң­­ғыр­­­тылуы, осыған орай, денсау­лық сақ­тау, білім беру ісінде қол­­да­нылатын 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету және басқа да пер­спективалы салаларды дамыту қажеттілігі дамыған елдердің экономикаларындағы тәрізді еліміз­дегі дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытатыны анық.

Ғылыми және инновациялық әлеу­­етімізді дамыту, білім беруді эко­­­номикалық өсудің жаңа моде­лі­нің орталық буынына айнал­ды­ру, IT-білімді, қаржылық сауат­тылықты қа­лыптастыруға, ұлт­жан­дылықты да­мытуға баса көңіл бөлу керектігі ай­тылған Жолдау Қа­зақстан да­муының жаңа сатысын бағ­дар­лады.

Бұл – еліміздің дамуындағы тарихи құжат боларына сеніміміз зор!

Рымбала ОМАРБЕКОВА,

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,

«Парасат» орденінің иегері.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.