Тарихи таңдау

Елбасы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айта келе,  2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы орайда ұсынылған жобалардың ең озығы таңдалып, Елбасы қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл – елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты. Осы шешім – мемлекетіміздің әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің «отыздығына» енуіне бағытталған десек те қателеспеспіз. Бұл ретте, қаріп ауыстыру – жаңғырту реформаларына толығымен сай келетін және олардың ажырамас бөлігі болып табылатын прагматикалық сындарлы қадам. Себебі латын әліпбиіне көшу – объективті қажеттіліктен туындаған уақыт талабы.

Гүлнар ЕЛЕУСІЗОВА,

аудандық «Тоқырауын

тынысы» газетінің редакторы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.