Тамыз айындағы ҰБТ аяқталды

Тамыз айындағы ҰБТ аяқталды. Республика бойынша тестілеуге 15 мыңнан астам талапкер қатысты.

Жалпы нәтижелері төмендегідей:

– талапкерлердің 56%-ға жуығы шекті балл жинады;
– орташа балл – 55;
– ең жоғары балл – 125.

Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды алып өту әрекету салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 45 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. 

Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 22%-ы «Химия-Биология және 12%-ы» «Математика-Физика» пәндер комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған пәндер комбинациясы – «Химия-Физика». Ол пән бойынша 30 түлек тапсырды.

Тамыз айындағы ҰБТ кезеңінде түсушілерден электронды пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 10 мың өтініш келіп түсті. Олар өз уақытында өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.