БалқашРухани жаңғыру

Тамыры терең әліпби

    Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесінде қазіргі заман талаптарына жауап беретін, білім, білік дағдылары жоғары деңгейде қалыптасқан озық ойлы дарынды тұлға тәрбиелеу жолында ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік пен жаңа міндеттер жүктелуде.

Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Яғни, бұл қадамды жүзеге асыруға саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздеме және қоғам тарапынан сұраныс болды деп толық айта аламыз. Әліпбиді өзгертудің тағы бір ерекшелігі, латын графикасы жер жаһанға кең тараған, соның арқасында жастар ғаламтор арқылы ақпарат айдынына еніп, білім мен ғылым саласындағы кеңістікке еркін енеді. Жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Әліппе — мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар, ол — ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі.

Біз, білім саласының қызметкерлері, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды дәріптейтін, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан адамгершілік қасиеттеріне сүйенетін рухы биік Мәңгілік елді құру жолындамыз. Бұл жолдағы басты міндетіміз — ұлттық нақышымызды сақтай отыра, заманауи талаптарға сай білімді және өркениетті ел болу.

Айнұр СӘМЕНОВА,

№7 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button