Талапкерлер қандай қателіктерді жиі жібереді?
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев талапкерлердің жиі жіберетін қателіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
– Тестілеу кезінде үзіліс беріледі. Сол үзілісте кейбір оқушылар сұрақ жауабын білгісі келіп, қолына немесе қағазға жазып алады. Сондай оқиға орын алса, нәтиже бірден жойылады. Тағы бір жиі кездесетін қателіктердің бірі – ҰБТ аяқталған соң шығарда қағазға сұрақтарын жазып, алып шығады. ҰБТ-ға қаламмен кіргендіктен, тек сонымен ғана шығу керек, – деді Руслан Емелбаев.
Талапкерлердің сұрақты жазып алып, аудитория сыртына алып шығуына тыйым салынады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 маусымға дейін жалғасады.