Ақтоғай

Тал егу – игі іс

  Жыл сайын қоршаған ортаның тазалығын сақтау, оны көркейту мақсатында жалғасын тапқан сенбіліктерге ауыл жұртшылығы ат салысып келеді. Жуырда аудан орталығындағы қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне ашылған «Тарих тағлымы» және М.Шорин көшесінде орналасқан саябаққа 150 түп қайың, терек көшеттері отырғызылды.

«Тарих тағлымы» атты саябаққа ең бірінші талды аудан әкімі С.Әбеуова отырғызып, жол бастап берді. Мұнан кейін аудан басшысы ауыл көшелерінің реттілігі мен тазалығын аралап көрді.

Жалпы, күзгі тазалық айлығы аясында аудан орталығындағы ғимараттардың аумағында орналасқан ағаштардың бұтақтары қиылып, түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Тоқырауын өзені бойы, «Аққайың» саябағы маңы, ауыл көшелері мен тұрғын үй маңайлары күл-қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 10 техника жұмылдырылып, 150 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген орынға шығарылды.

М.БЕЙБІТҚЫЗЫ,

аудан әкімінің баспасөз

хатшысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button