Жаңалықтар

Түзеу мекемесіндегі игі істер

Биыл Қарағанды облысының №35 түзеу мекемесі едәуір ауқымды жұмыстар атқарды.

Солардың бірі подполковник Еркебұлан Ақшолақов ҚР ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға шақыру мақсатында Шет және Ақтоғай аудандары бойынша бірнеше мектептерді аралап оларға таныстыру жұмыстарын жүргізіп, барлық мектептердің 11 сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырды.

Кездесулердің басты мақсаты – академияға жас түлектерді тарту, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыру және жетілдіру, жасөспірімдердің бойына жоғары патриоттық сананы, өз Отанына адалдық сезімін, азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін қалыптастыру болып табылады.

Мұндай іс-шаралар түзеу мекелелері мен құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі жандандыратынына сеніміміз мол және Қарағанды облысы бойынша мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button