Поэзия

Тәуелсіздік – темір қазығым

Арайлап атқан әр таңым,

Бақыт пен байлық әкелсін!

Бейбіт күн, бірлік –

жалқы әнім,

Ұраным болып өтерсің!

Қызыққа толсын бала шақ,

Болмасын соғыс –

сол тілек.

Жасасын жарқын болашақ,

Еңселі сонда ер түлек.

Нұрына шомып алтын күн,

Нұрлы бір жолға

басталық!

Азаттығы үшін

халқымның,

Түн қатам, тоқым

жастанып.

Ғасырдың үні өшпесін!

Көктесін, көгім, көктесін!

Жолымды дұшпан кеспесін,

Қанат қақ қыран,

көкке шын!

Қара ниет, қанішер,

Соғыс құмар сұмдардың.

Қатқан кек, жүрек әлі шер,

Жарасы шығар

жылдардың…

Бейбіт ел, байтақ жерімді,

Дұшпандар енді баспасын.

Қолда өзің Тәңір Ерімді,

Азат бір жолға бастасын!

Ажар ӨМІРСЕРІК,

Д.Стамбеков атындағы

мектептің 9-сынып

оқушысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button