Руханият

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі Моңғолияда концерт берді

Моңғолияның Ховда қаласында жергілікті қазақтардың IV кіші құрылтайында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі жергілікті тұрғындарға концерт берді. Оркестер ұжымын Сенат депутаты Ғалиасқар Сарбасов пен Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек бастап барды.

 

Сонымен қатар, елден шыққан делегация Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы музыкалы драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарында концерттік бағдарлама көрсетті.

 

Аталмыш концертте жеке орындаушылар – Халықаралық конкурстардың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсжанов және ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай ән шырқады. Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбуғалисын Шоқанбаев және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей дирижерлік етті. Ал, концертті қазақ және моңғол тілінде жерлесіміз Меруеш Башай жүргізді.

 

– Бізді сол жақтағы қазақ диаспорасының азаматтары қарсы алды. Олардың қатарында Ховда аймағының мәслихат депутаты, облыс әкімі Энхбатын Болормаа ханым болды. Кездесу әсерлі өтті. Одан бөлек, Баян Өлкедегі қазақ диаспорасының өкілі Хабсатар Омарұлы және жергілікті қазақ Бағдал Шәмейхаұлы да бізбен бірге болды. Концертте қазақ және моңғол халық әндері орындалды. Өнерде шекара жоқ. Музыка тілі – ортақ. Көрермендер өнер адамдарына ерекше құрмет көрсетті. Біз тек концерт беріп қана қайтқан жоқпыз. Екі ел арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату мақсатында келіссөздер де болды. Мәселен, Ховда аймағының әкімі Қазақстандағы облыстардың бірімен мәдени, туристік, достық және ынтымақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған мәдени-гуманитарлық іс-шаралар жайлы ұсынысын білдірді.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы алғаш қазақша концерт тыңдаған қос-ағаштықтар ерекше қуанышқа бөленіп, көздеріне жас алды. Атамекеннен шалғайда жүрген Алтай қазақтарының көңілі марқайып, Қазақстанға дұғай сәлемдерін жеткізді, – деді ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button