Төрт ойында — 9 ұпай

    ЖХЛ чемпионатының шеңберінде «Сарыарқа» Қарағандыда красноярлық «Соколды» қабылдады.

Матч қарағандылықтардың пайдасына шешілді. 4:3.

Ойынның 10-шы минутында «сарыарқалық» Денис Фахрутдинов есеп ашты. 1:0.

Ал, 12-ші минутта ресейлік Вячеслав Андрющенко таразы басын теңестірді. 1:1.

Арада үш минут өте Артурс Озолиньш красноярлық­тардың басымдығын ұлғайтты. 1:2. Десек те, қарағандылықтар да қарап қалмай, алғашқы кезеңнің соңына таман Александр Юксеев мергендігін танытты. 2:2.

Екінші кезеңде Исаак Валицкий есепті 3:2-ге жеткізді.

«Соколдықтар» да осал емес екен. 49-шы минутта Петр Зузин бір шайба салды. 3:3.

Ойын қосымша таймда жал­ғасар ма еді… Біздің Даниил Ердаков ерлеп, 55-ші минутта «Сарыарқаны» алға шығарды. 4:3. Таблодағы осы көрсеткіш ойын соңына дейін сақталды.

Қазір қарағандылық клубта 9 ұпай. 9-шы сатыда. Қарсыластар қақпасын тоғыз мәрте бағындырып, жеті шайба өткізіп алды.

«Сарыарқаның» ендігі қар­сы­ласы – Ангарскінің «Ермагы». Ойын бүгін «Қарағанды – Арена» мұз сарайында өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.