Жаңалықтар

Төрт көшеге тротуар төседі

Балқашта төрт көшеге тротуар төселеді. Бұл – биылға белгіленгені. Аманкелді, Молдағұлова, Әлімжанов және Бейбітшілік көшесінің бойына жайлы жаяужол жайғасады.

Тамыздың ортасында басталған жұмысты бір айдың бедерінде аяқтау көзделген. Алдымен, Аманкелді көшесі қолға алынды. Мұнда алты мың шаршы метрге жуық жерге қырлы кеспетас төселеді. Келесі кезекте Әлімжанов көшесі. Оған 1300 шаршы метр кеспетас кетеді. Қазір бекітілген кесте берік сақталуда.

Жалпы, жаяу жүргінші жолын абаттандыру 2026 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-шараға сәйкес былтыр басталған болатын. Өткен жылы бес жаяужол жасалды. Биыл төртеуімен толығады. Келесі жылы тағы үшеуі қосылады. Ұзынырғасы 30 көшенің бойында 100 мың шаршы метр жер жөнге келтіріледі.

Әлібек ӘБДІРАШ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button