Білім

Түркі дүниесі күні аталып өтті

2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың қаржылай қолдауымен Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Ал биылғы жылы аталған күнтізбе Қарағанды облыстық білім басқармасының қолдауымен «Біртұтас тәрбие жоспарына»   енгізіліп, облыстың 417 мектебінде зерделенетін болады.

Суреттерді түсірген автор

Ұлттық күнтізбедегі 25 қараша күні ұлттық тарихымыздағы маңызы ерекше датамен сабақтасып жатыр. Бұл күні 1891 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен түркі жазуының құпиясын ашқан болатын.

Осыған орай «№13 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ Түркі дүниесі күніне орай 5 «Ә» және 9 «Ә» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Оқушылар бүкіл түркі әлемінің рухын көтетеретін көне түркі ескерткіштері туралы ақпараттармен таныса отырып, сыни көзқараспен мәтіндегі ақпараттарды талдап, өз ойларын талқылау,  нақтылау, жүйелеу бойынша әлемді мойындатқан ұлттық мұрамыздың құндылықтарын зерделеді. Атап айтқанда, 9 «Ә» сынып оқушылары Қайкен Еділ, Серік Нұрәлі және 5 «Ә» сынып оқушылары Кенже Медина, Талғат Ханифа,  Диасұлы Ерасыл көне түркі ескерткіштерінің сырын талдай отырып, сабақтың қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Ойталқы соңында әр топ ақын Наурызбай Жарбосынұлының түркі дүниесі күніне арнаған өлең жолдары арқылы сабақтан алған әсерлерін жеткізе білді.

Асылғаным ИХЛАС,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button