Ақтоғай

Тұрақтылық – қоғам негізі

    Ақтоғай аудандық ішкі саясат бөлімі өңірдің саяси өміріне қатысты көптеген іс-шараларға ұйытқы болып, жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Ішкі саясат бөлімінің ауданымызда діни қатынастар саласында тұрғындар арасындағы ақпараттық түсіндіру іс-шаралары, сонымен қатар облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен және аудандағы қоғамдық ұйымдармен өзара байланысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай АМАНЖОЛОВ мәлім етті.

Абылай Базылұлының айтуынша, кестеге сай, өткен жылы аудан көлемінде Елбасының Жолдауы бойынша ақпараттық-насихат топтары кент, ауылдық округтерде тұрғындармен 187 кездесу өткізіп, Жолдауда көрсетілген басым бағыттар жан-жақты талқыланған. Жалпы насихаттау жиындарына барлығы 10 788 адам қатысқан. Аудан бойынша 38 тақырыптық баннерлер орнатылып, аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында 27 мақала жарияланған. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы белсенді жұмыс атқаруда. Аудан аумағында 3 үкіметтік емес ұйымдары қоғамдық шараларға ат салысуда.

Ақтоғай ауданы бойынша ұлтаралық және діни ахуал тұрақты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 11 мешіт жұмыс істейді. Радикалды ой-пікірлердің, діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау бойынша жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Қарағанды қаласының «Нұрлы Білім» қоғамдық ұйымымен келісім-шартқа отырып, діни ағымның жетегінде жүрген азаматтармен адрестік жұмыстар, 4 семинар-тренинг өткізілген. Дін мәселесі бойынша ақпараттық насихат тобы 17 кент, ауылдық округте «Дінаралық татулық ел тұрақтылығына жетелейді» тақырыбында мектеп оқушылары және жастар арасында 21 кездесу өткізген.

Сондай-ақ, 2015 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қарағанды қаласының «Альянс» қоғамдық ұйымы аудан тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, оған 9 елді мекеннен 2000 адам қатысқан.

Ал, жергілікті мемлекеттік органдардың көтерілген мәселені шешу деңгейі жөніндегі сауалға 158 адам көтерген мәселелерінің толық шешімін тапқан. 15 адамның мәселесі дер кезінде шешімін таппай ұзаққа созылған. 10 адамның мәселесі «жабулы қазан жабулы» күйінде қалған.

Ақтоғай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Аманжолов, ілгерілеу мен даму – еліміздің бүгінгі күні ұстанып отырған берік бағыты екендігіне тоқталып, Елбасы Жолдауы талаптарына сай жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатындығын атап өтті.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button