Тұрақтылық дамуды тұғырландырады
Өткен 2024 жыл Қарағанды облысының саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірін дамытудағы маңызды кезең болғаны белгілі. Көптеген айтулы оқиғалар, табысты жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, өңірдің тұрақты нәтижеге қол жеткізуін қамтамасыз етуде, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруда бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Осы тұрғыда облыстың ішкі саясат басқармасының жұмысы этносаралық келісімді нығайтуға, халықтың саяси және әлеуметтік белсенділігін арттыруға, сондай-ақ негізгі мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталды.

Біздің жұмысымыздағы кешенді тәсілдің арқасында біз мемлекеттік және өңірлік деңгейде көптеген маңызды бастамаларды іске асыруға қол жеткіздік. Осылайша, 200-ден астам ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Біз бизнес-форумдарды өткізуге, өнеркәсіп, оңалту және спорт саласындағы жаңа нысандарды ашуға, кезекте тұрған тұрғындарға баспана табыстауға, түрлі саладағы озық қызметкерлерді марапаттауға және тағы басқа қоғамдық шараларға белсенді қатысып, ақпараттық қолдау көрсеттік. Әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюы, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы, облыстың инфрақұрылымының жақсаруы – атқарылған жұмыстың лайықты нәтижесі болғанын атап өтуге тиіспіз.
2024 жыл Қазақстанның ішкі және халықаралық белсенділігін арттырып, беделін көрсететін маңызды оқиғаларға толы болды. Мемлекет басшысының маңызды бастамаларының ішінде Қоғамдық даму және азаматтық қоғамды шоғырландыру мәселелерін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы, Қарағанды облысы тұрғындарының көпшілігі қолдаған АЭС салу туралы жалпыұлттық референдум, ұлттық энергетикалық қауіпсіздікке қатысты шешімдер қабылдауға халықтың қатысуының маңыздылығы, ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК, ХАҚҚ мен АҚИҰ қоса алғанда, Қазақстанның бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі, Халықаралық аренада елдің позициясын нығайтатын және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін Еуразия халықтары бірлігінің маңызды мәдени оқиғасы мен символына айналған Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарын өткізу, Жошы ұлысының нақты құрылғанына 800 жыл толуы, тарихи тұрғыда маңызды кезең және ұлттық сананы одан әрі нығайтуға себеп болды. Мұның барлығы ішкі тұрақтылық пен қарқынды даму нәтижелері арқылы сыртқы саясаттағы беделімізге өлшем болған айтулы шаралар қатарын толықтырды.
Сонымен қатар, бұл іс-шаралардың маңызды мазмұны халықтың әртүрлі санаттары арасында және облыстың көптеген бейіндік құрылымдарымен тығыз байланыста насихаттау-түсіндіру жұмыстарында көрініс тапты.
Біз республикалық және жергілікті маңызы бар мерейтойлық даталарды мерекелеуге ерекше назар аудардық. Көрнекті оқиғалардың қатарында атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы, сондай-ақ жерлестеріміз, ҰОС-ның екі белсенді қатысушы – облыс ардагерлері кеңесінің тұңғыш төрағасы Қали Әлібекұлы Аманбаев пен «Даңқ» орденінің толық кавалері Камали Жұматайұлы Дүйсембековтің ғасырлық мерейтойларын ерекше атауға болады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар өткенді еске алуға, тарихымызды зерттеуге ғана емес, сонымен қатар жастар арасында патриотизм мен азаматтық сананы оятуға қызмет етеді.
Біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі – ақпараттық қолдау және халықпен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс. 2024 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын насихаттау және іске асыру бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Облыстық ақпараттық-насихаттық топтар халықпен жүйелі кездесулер өткізді. Осы топтар мүшелерінің белсенділігінің арқасында облыстың барлық өңірлерінде халықтың әртүрлі санаттарымен 1,5 мыңнан астам кездесу өткізілді. Олар 200 мыңға жуық адамды қамтыды.
Біздің ақпараттық-насихаттық жұмыс жергілікті билік өкілдерімен әрдайым тығыз қарым-қатынаста, сондай-ақ азаматтармен тікелей байланысты қамтамасыз ететін «Тікелей эфирлер» және әлеуметтік желілер арқылы өтті. Мәселен, әкімдер мен облыстық басқарма басшыларының қатысуымен өткен брифингтер өзекті мәселелерді дер уағында түсіндірудің маңызды құралына айналды. 2024 жылы 205 брифинг өтті. Бұл жергілікті биліктің халыққа ашықтығының жоғары деңгейі деп білеміз.
Ішкі саясат басқармасы жұмысының жарқын бағыттарының бірі азаматтық сектор мен саяси партияларды одан әрі қолдау болды. Өткен жылы біз әлеуметтік мәселелерді белсенді шешетін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 1000-нан астам іс-шара өткіздік.
Бір жыл ішінде 17 отырыс өткізіп, өңірдің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін ашық алаңға айналған облыстың Қоғамдық кеңесінің қызметін ерекше атап өткен жөн.
Саяси салада біздің жұмысымыз облыс тұрғындарының сайлау процестеріне және қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын қолдау бойынша жүргізілді. Бұған саяси партиялардың жеті филиалының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясымен жемісті ынтымақтастық жолға қойылған қызметіміз де ықпал етті.
Этносаралық келісімді нығайту ішкі саясат басқармасының маңызды міндеті болып табылатынын атап өткен жөн. 2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында 88 Ақсақалдар кеңесі, 132 Аналар кеңесі, жастар этномәдени ұйымдары және көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал ететін басқа да құрылымдар белсенді жұмыс істеді. Облыста этномәдени байланыстарды дамытуға бағытталған түрлі фестивальдар, конкурстар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Облыста ҚХА барлығы 300 мың адамды қамтыған 1800-ден астам іс-шара өткізілді.
2025 жыл Қазақстан үшін экономикалық-әлеуметтік даму тұрғысынан одан да жемісті болатынына сенімдіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл қазақстандықтардың еңбек белсенділігін дамытуда, білікті мамандарды даярлауда және қолдауда маңызды кезең болатыны сөзсіз.
Ағымдағы жылы өңірде мерейтойлық даталар кеңінен атап өтіледі, олардың ішінде – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағанына – 30 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Аталған мерейтойлардың тарихи маңыздылығын ескере отырып, ең жоғары деңгейде ұйымдастыруға қызу дайындалып жатырмыз. Бұл оқиғалар, 2025 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар деңгейінде, қазақстандық патриотизмді, облыс тұрғындарының бірегейлігі мен ұйымшылдығын нығайтуға бағытталатын болады.
2025 жылғы мақсаттар бізді тың идеялар мен жаңа шешімдер іздеуге, жоспарланғанды іске асыруға айтарлықтай күш салуға міндеттейді. Біздің ертеңгі күнге деген сеніміміз және жаңа сынақтарға дайын болуымыз, белсенді жұмыс үшін оптимистік көзқарас қалыптастырады.
Еліміздің барлық бағыт бойынша қарқынды дамуы және көшелі көрсеткіштерге қол жеткізуі – ішкі тұрақтылыққа тікелей байланысты. Сондықтан да, біздің басқарма қызметкерлері жауапкершілік жүгін жан-тәнімен сезіне отырып, бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген жүйелі жұмыстарын жалғастыра беретін болады.
Нұрлан БИКЕНОВ,
Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы