Жаңалықтар

Тұрғындар белсенді түрде науқанға қатысуда

Бүгін елімізде өтіп жатқан  сайлауға ақтоғайлықтар белсенді қатысуда.  Бұл туралы Ақтоғай ауданының аумақтық комиссиясының төрағасы Жанболат Райымбеков мәлімдеді.

Суреттер автордан

Ақтоғай ауданында әкім сайлауына байланысты 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелері бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жасауда. Әзірге заң бұзушылық тіркелген жоқ. Аудан бойынша 10 475 адам дауыс береді деп күтілуде. Жалпы Ақтоғай ауданы халқының саны 15 692 адам. Қазіргі есеп бойынша дауыс берушілердің 42 пайызға жуығы келіп өз таңдауын жасады. Тұрғындар белсенді түрде маңызды науқанға атсалысуда. Денсаулығына байланысты үйінен шықпай-ақ дауыс берген қариялар да баршылық. Осы орайда сайлау учаскесіне келе алмаған қарттардың үйіне жәшікті арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік беріп отыр. Бала-шағаның амандығы мен бейбіт өмірі үшін, ел ертеңі үшін Майкен Шалхарбаева, Старицин Грегорий, Қабира Жұмаханқызы бастаған  қарияларымыз өз таңдауын жасады, – дейді Жанболат Жанатбекұлы.

Нұрдос КӘРІМ,

Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button