Жаңалықтар

Төлеутай Рақымбеков ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып экономика ғылымдарының докторы Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ тағайындалды.

Төлеутай Сатайұлы 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу  кентінде дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылық институтын 1986 жылы инженер- механик мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 1992 жылы Мәскеу қаласында Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының докторы.

Алғашқы еңбек жолын инженер-ақау жөндеушісі болып бастаған ол түрлі қызметтерді абыроймен атқарған. 1992 жылдан – «Жазира» ШЖК директоры, «Дана» ШЖК директоры, «ДанаБизнес» шағын бизнес орталығы» АҚ президенті, «Жезқазған облыстық шағын және орта бизнес орталығы» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан – Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан – О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кафедра доценті. 2002 жылдан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Басқарма бастығы, Департамент директоры. 2006 жылдан – ҚР Көлікжәне комму- никациялар министрлігінің Департамент директоры. 2007 жылдан – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. 2009 жылдың наурызынан – ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі. 2009 жылдың қарашасынан – «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту ортағы» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдан- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ДСҰ және ауылшаруашылық өнімің қайта өндеу департаментінің директоры сияқты қызметтерді істеді. 5 сәуірден бастап Төлеутай Рақымбеков Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне кірісті.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button