Басты тақырыпЖаңалықтар

Төл тарихымыздан – терең мағлұмат

    Әлем көз тіккен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің басталуына да санаулы күндер қалды. Мемлекет басшысы айтқандай, Көрмеден күтер нәтиже мол. Сондай-ақ, Ұлы Дала елінің тарихын жаһанға танытатын сәт те – осы.

Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру кең ауқымға ие болды. Себебі, аса маңызды құжаттың еліміздің игілігін еселеуге мүмкіндігі мол.

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасының іске қосылуы да Ұлт жоспарының аясында жүзеге асты. Қолжетімді құралдың Қазақстан туралы ақпарат іздеген кез келген адамға көмегі бар. Қосымшадағы арнайы бөлімдер біздің елдің, жердің тарихынан, бүгінгі тынысынан кең мағлұматтар береді.

Мәселен, қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.

Сөз басында «ЭКСПО»-ны неге айттық? Себебі, Көрме уақытында Қазақстанға келетін туристер аталған қосымшаны көптеп пайдалануы мүмкін. Кәдімгі энциклопедия ретінде. Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Ол Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған. Олардың қатарында журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, бағдарламашылар, жалпы 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым бар.

Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО – 2017». Отандық дипломаттар қосымшаны шетелдік әріптестерімен кездесулер мен та­ныс­тырылымдар барысындағы ақпараттық-имидж­дік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарата алады. Шетелдіктерді, әсіресе, Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО – 2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады.

Сандық қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына – Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет. Тікелей сілтемелер: AppStore – https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8 Play Market – https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

Төл тарихымызға бірге көз жүгіртейік!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button