Жаңалықтар

Субсидияның да сұрауы бар

    Сот 130 ірі қара малды (ІҚМ) алу үшін шаруа қожалығына (ШҚ) төленген 20,02 млн. теңге көлеміндегі субсидия сомасын мемлекет пайдасына өндіріп алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруа қожалығынан сома өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыру мақсатында ШҚ-ға 20,02 млн. теңге көлемінде субсидия төленген. Бұл субсидиялар 43 өгізше мен 87 бұзау сатып алу үшін бөлінген. Қарағанды облыстық прокуратурасының дерегі бойынша, қол қойылған келісім аясында ШҚ ұдайы өндірістік мақсатта асыл тұқымды сиырларды – кем дегенде екі жыл, ал асыл тұқымды өгіздерді – кемінде екі маусым пайдалану бойынша өз мойнына алған міндеттерін орындамаған. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджеттік бағдарлама орындалмағандықтан, төленген субсидия бюджетке қайтарылуы керек. Сот талапты қанағаттандырып, жауапкерден мемлекет пайдасына 20,02 млн. теңге өндіріп алды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button