Су тасқыны: облыс аумағында жағдай тұрақталды
Қарағанды облысында су тасқыны тұрақталып, негізгі су қоймаларында су ағыны азайды. Тәулік бойы кезекшілік жалғасуда.
– Ақтоғай ауданындағы Тоқырауын өзенінің арнасы бойындағы жекелеген елді мекендерде бөлімшелердің кезекшілігі жалғасуда, жағдай бақылауда қалып отыр. Сондай-ақ, негізгі күш-жігер Нұра ауданының аумағында шоғырланған, онда ТЖД бөлімшелерінің, әскери қолбасшылықтың және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жеті елді мекенде Нұра өзенінің арнасы бойында нығайту жұмыстары жүргізілуде, – деді облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.
Самарқанд және Жартас су қоймаларынан су ағызу жылдамдығы төмендеді. Ынтымақ су қоймасынан секундына 1200 текше метр су ағызу жалғасуда. Осы су қоймасының төменгі ағысында жағдай тұрақты, 4 сәуірден бастап барлық елді мекендерде су деңгейі төмендеді. Алайда тәулік бойы кезекшілік тоқтатылмайды, жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz