Бас тақырыпҮкімет
Студенттер кәсіпкерлік негіздерін тегін оқи алады
Жаңа оқу жылынан бастап жоғары курстарда оқитын 100 мың студент кәсіпкерлік негіздерін тегін оқу мүмкіндігін иеленеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин хабарлады.
Премьер-Министрдің айтуынша, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында микронесиелеу шығындары 83 млрд теңгеге дейін артты. Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 18 мың азаматқа 18 млрд теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді.
Саяси кеңесте азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламасының орындалу барысы да талқыланды. Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 15 мобильді жұмыспен қамту орталығы ашылған. Жыл соңына дейін тағы 15 орталық ашу жоспарлануда.