Өзгерген қоғам, өзекті мәселелер
Бүгінгі қоғам өзгерді және әлі де өзгеру үстінде. Соның бір көрінісі – Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа институттардың қалыптасуы. 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

Мемлекет дамуының жаңа кезеңінде қоғамның сұранысы да өзгеріп келеді. Азаматтар мемлекеттік институттардан тиімділік, ашықтық, нақты нәтиже және қабылданған шешімдердің орындалуын күтеді. Цифрландыру мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің де заман талабына сай жаңғыруы маңызды.
Қоғамның өзгеруі азаматтардың саяси және қоғамдық процестерге деген көзқарасынан да байқалады. Бүгінде халық нақты нәтижеге, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және өмір сапасының жақсаруына көбірек мән береді.
Алдымызда тұрған Құрылтай сайлауы – жаңа конституциялық өзгерістердің маңызды кезеңдерінің бірі. Сондықтан еліміздің тұрақты дамуы, өңірлердің өркендеуі және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері қоғам үшін өзекті болып қала береді.
Қазақстанның әр өңірінің өзіндік экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты өңірлердің даму әлеуетін тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, жұмыспен қамту және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – маңызды міндеттердің қатарында.
Сайлау қарсаңында саяси партиялар өз бағдарламалары мен негізгі басымдықтарын ұсынуда. Бағдарламаларда тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, экономика, ауылдарды дамыту, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту сияқты маңызды бағыттар қамтылған.
Әрбір азамат үшін сайлауға саналы түрде қатысу, ұсынылып отырған бағдарламалармен танысу және өз таңдауын еркін жасау маңызды. Сайлау – азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асырудың маңызды нысаны.
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысу – ел болашағына деген азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі.
Азаматтық ұстаным мен жауапкершілік – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі.
Абай ҚАЛЫҚОВ
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әлеуметтік-тәрбие
ісі жөніндегі проректоры


