Ақтоғай

Стратегиялық маңызы зор

Парламент тыңдауында «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауды көріп Латын әліпбиіне көшу тіліміз үшін жасалатын игі қадам.

Латыншаға көшудің үлкен саяси маңызы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ғаламтордың, цифрлы және it технологияның тілі екені дау тудырмайтын заман талабы. Озық технологияны пайдалануды толық меңгергенде ғана мемлекетіміз дамыған, экономикасы қуатты елге айналмақ. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдердің инновациялық үрдістерін игерудегі маңызы зор екенін айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Сонымен қоса, кириллица әліпбиінде қазақ тілінің төл дыбыстарын қолдану үшін артық әріптердің бары да өтірік емес. Латын әліпбиіне көшу арқылы қосымша пайдаланып жүрген әріптер азайып, пайдалануға ыңғайлы, ықшамдалған негіздегі әліпби болатыны сөзсіз. Сөзімді түйіндей келе айтарым бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселе латын әліпбиіне көшу емес, латын әліпбиіне оралу деп айтсақ артық емес деп ойлаймын.

Абылай Түсіпбеков,

Ақтоғай аудандық Қоғамдық

кеңес төрағасы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button