Ұстаздар кәсіби біліктіліктерін жетілдіруде
Аймақта «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Назарбаев» зияткерлік мектептерінің педагогтары ауыл мұғалімдеріне шеберлік сабақтарын өткізуде.
Аталмыш жобаны «Қазақстан халқына» қоры мен білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп жүзеге асыруда. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында қолға алынған. Ал, осы жобаға «Назарбаев» зияткерлік мектебі серіктестік еткен.
Алғашқы шеберлік сабағы Абай қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы мектепте өтті. Енді Шахтинсктегі С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясына баруды жоспарлап отыр. Шеберлік сабақта оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Әрі балаларға зерттеуші болуға көмектесетін әдістемелер мен ақпараттық-кітапханалық ресурстар ұсынылды.
Келесі шеберлік сабақтарын Шет пен Ақтоғай аудандарында, одан кейін моноқалалардағы тірек мектептерде өткізуді жоспарлап отыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz