Бас тақырыпЖаңалықтар

Сотта Нұрболат Дәкебаев күтпеген мәлімдеме жасады

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрды деп айыпталған Нұрболат Дәкебаев сотта күтпеген мәлімдеме жасады. Қарағандыда Төреғали Берікқалиұлын ұрып-соғуға қатысты атышулы іс бойынша басты сот отырысы өтті.

Сурет: qamqor.gov.kz

Нұрболат Дәкебаев өз қылмысын қасақана жасамағанын айтып, өкінетінін мәлімдеді. Өзінің айтуынша, іздеуде жүргенін бесінші күні біліп, бірден полицияға берілуге бел буған.

– Мен әдепсіз сөздер айтқан жоқпын және жанжал болғанын қаламадым. Жанжалдан аулақ болуға тырыстым. Мен одан көлікті алып тастауын өтіндім. Небәрі 10 метр жерде бұл үйдің тұрғындары көлік қоятын жер бар. Ол және бос еді. Жанжалдан кейін ауданға жеке шаруаммен кетіп қалдым. Әлеуметтік желіден іздеуде жүргенімді білген соң, бірден берілуге бел будым», – дейді Нұрболат Дәкебаев.

Зардап шегуші Төреғали Берікқалиұлы бірнеше күннен кейін мұрнына екінші ота жасатпақ. Жүргізуші денсаулығына ауыр жарақат алғанын айтады. Жәбірленушінің адвокаты Төреғали Берікқалиұлының денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесін дәлірек анықтайтын сараптаманы қайта жасату керек дейді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button