Қарағанды

Сот ісіне – соны қадам

   27-қадам. Жекеменшік сот орындау­шылар институтын одан әрі дамыту.

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.

Қарағанды облысы әділет департаменті Мемлекет басшысының Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру мақсатында, жеке сот орындаушылардың сотпен және құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Басқосу барысында жеке сот орындаушылар арқылы мемлекет пайдасына өндіру бойынша сот және басқа да актілердің орындалуы туралы мәселелері қарастырылды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша, жеке сот ор­ындаушыларға нұсқаулар беріліп, жеке және мемлекеттік сот орындаушылары арқылы мемлекет пайдасына өндіру санаттарының жүйелі әрі нәтижелі орындалуы үшін Қарағанды облысы соттары және құқық қорғау органдарымен қызмет алгоритмі құрылды.

Қарағанды облысы әділет департаментінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button