Жаңалықтар

Смайылов Ұлытау өңірін дамытуға қатысты: Үкіметке қатысты мәселелерді шешеміз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлытау облысына сапары кезінде әкімдікке өңірдің салық базасын нығайтуды тапсырды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

– Ұлытау облысы дербес құрылуына байланысты алдарыңызда үлкен міндет тұр. Бұл – өнеркәсіпті, индустрияны және өңірдің меншікті салық базасын дамыту. Өйткені өңірдің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сіздерге ақша керек, бюджет керек. Сондықтан инвесторлардың жобаларды іске асыруына қолдау көрсету өте маңызды, – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол өңірді дамыту жолында Үкіметке байланысты мәселелерді шешуге уәде берді.

– Үкіметке байланысты мәселелерді біз шешеміз. Нақты айтсақ, газ керек болса, береміз. Кен барлауға рұқса керек пе, береміз. Инвестициялық жобалардың санын арттыру керек. Кәсіпкерлердің бастамаларын барынша ескеру қажет. Сол арқылы оларды өңір экономикасына ақша салуға ынталандыру маңызды. Өңірдің даму динамикасы осыған байланысты болады, – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Үкімет басшысы өңірге сапары барысында биыл Жезқазған-Қызылорда жолының 65 шақырымын пайдалануға беру көзделгенін айтты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button