Жаңалықтар

Әскерилердің әзірлігі мығым

   Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы жалғасуда.

Оған 10 мыңға жуық әскери қызметші, бір жарым мыңнан аса жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ, әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды. Әскерлер қолбасшыларының қайта топтастыруға қабылдаған шешімдеріне сәйкес әскерлер бірнеше жүздеген шақырымға марш жасауда. Сонымен қатар, әскерлердің іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін бір уақытта 200-ден аса адамды құрайтын тактикалық әуе десанты түсірілді. Бұдан бөлек, десанттық-шабуылдау батальоны биік жерге орналасып, әрі қарай мотоатқыш және танкті бөлімшелерінің оқу-жаттығуларын сәтті жүзеге асырады. Оқу-жаттығу барысында авиация белсенді түрде тартылғанын айта кету қажет. Осы күні мәлімдеме жасаған Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев игі шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

– Бүгінгі басқару пункттері барлық қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған, бүркемелеу мен қорғалудың жеткілікті деңгейіне ие. Бұл ұзақ уақыт бойы автономдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу барысында қолбасшылар мен командирлердің қалыптасқан жағдайды жылдам бағалап, анағұрлым мақсатқа сай шешім қабылдау шеберліктеріне ерекше көңіл бөлінеді, – деді Руслан Шпекбаев.

Думан Құрманғалиев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button