Әскерилер шеберліктерін шыңдады

   Жақында Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында  «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты тактикалық оқу жаттығу жиыны өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты – тәжірибені шыңдап, шабуыл кезінде майдан даласында атысқа машықтану.  Жауынгерлік даярлық бойынша сабақты 1 мотоатқыш батальоны 31775 әскери бөлімі өткізді. Осы іс-шара аясында атыс қаруынан оқу-жаттығулар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Танкке қарсы граната атқышты, сондай-ақ, БМП-2 жаяу әскері әскери көлігін жүргізуді меңгерді.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптада «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы АК-74 және ПМ  тәжірибе алмасып, атудан емтихан тапсырған болатын. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жоғары шеберліктері мен кәсіби даярлықтарын көрсетті.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.