Білім

Әскери тәрбие – маңызды іс

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарас­ты 6505 әскери бөлімінің аумағында өңірдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімшелерінің топтары бастықтарымен және батальон командирлерінің орынбасарларымен үш күндік практика жиыны өтті.

Шараның басты міндеті – бөлімдердегі өткізіліп жатқан жұмысты қорытындылау, болашаққа жоспар құру, сардарлардың практикалық жұмысын пысықтау.

Жиынды «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров ашты.

– Әскери бөлімдердегі қызмет, регламент, әрбір шаралардың өткізілуі тәрбиеге бағытталады. Бұл тек әскери тәрбиешілердің жеке міндеті емес, барша командирлерге де қатысты. Сондықтан әскерилерге рух беру, адалдық, еліміздің ішкі тұрақтылығын сақтайтын жауынгерлерге үлгі болу – баршамыздың қасиетті парызымыз, – деді Берік Серікұлы.

Жиында әскерилер бөлімдерде жеке құрамның тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Шара кезінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы генерал-майор Ерсайын Рүстемханов «Әскери қоғамдық ұйымдармен» бірлесіп жұмыс істеудің практикалық тәжірибесімен бөлісті, олар өз кезегінде жеке құрамды біріктіруде үлкен рөл атқарады.

«Сарбаздар аналары комитеті» әскери республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Хайруллина онлайн сабақ өткізіп, қатысушыларға Аналар кеңесі мүшелерімен бірлесіп өткізілетін іс-шараларға тоқталып, осы бағыттағы жұмыс­тың маңыздылығын атап өтті.

Гүлнұр Серікжанқызы,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button