Руханият

Шын талант – шыңда

    

   Кеше Арқа атырабына Қазақстан Жазушылар одағынан сүйіншілі хабар жетті. «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік Ел – тұрағым» атты проза және поэзия жанрлары бойынша өткен республикалық байқауда жерлесіміз, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жазушы Алмаз Мырзахмет топ жарып, ынталандыру сыйлығымен марапатталды!

   Бұған дейін жерлесіміз Астана қаласында өткен «Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталы» ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым!» әдеби онлайн байқауының жеңімпаздар қатарынан көрінген болатын.

   Жазушының қаламына қуат, қадамына сәттілік тілейміз.

    Шын жүректен құттықтаймыз!

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button